Тақырыбы: «Не үйрендік, не білдік?»
(3 – 4 сыныпаралық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың қызықты математика пәнінен алған білімдерін тексеру, білімдерін шыңдау, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын арттыру.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету. Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Ребус, кесте, пішіндер, нақыл сөздер, жұмбақтар, слайдтар
Әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, тест, әңгімелеу
Түрі: Сайыс
Жүрісі:
І. Кіріспе:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін бізде «Не үйрендік, не білдік?» тақырыбында сайыс өтпекші. Бұл сайыстың тақырыбы неге олай аталды? Себебі, біз «Қызықты математика» сабағында көптеген қызықты да, қиын тапсырмаларды үйреніп жатырмыз, әлі де үйрене береміз. Сол сабақта үйренгенімізді, не білгенімізді бүгінгі сайыста көрсетуіміз керек екен.
- Енді ортаға «Білімді бірді жығады, білекті мыңды жығады» - дегендей осы математика ғылымына өзіміздің азғантай болса да үлесімізді қоссақ деген үмітпен келіп тұрған жас математиктерімізді ортаға шақырайық! Қол соғып қарсы алайық!!!
- Ендеше сайысымызды бастайық!
(Әділ – қазы сайланады)
ІІ. Психологиялық дайындық
Ауданымыздың білім додасында олимпиада жүлдегері атанған 4 – сынып оқушысы Іңкәрдің «Сәттілік тілеймін сіздерге!» деген тақырыпта жазған өлеңін тыңдайық
- Сәттілік тілейік!
І. «Таныстыру» (Әр топ өздерін таныстырады)
«Болашақ» - 3 – сынып
Ұраны:
«Бәйтерек» - 4 – сынып
ІІ. «Ұшқыр ой» Тест тапсырмалары беріледі
«Болашақ» тобының тапсырмалары
«Бәйтерек» тобының тапсырмалары
ІІІ. «Математикалық фокус»
«Болашақ» тобы «Бәйтерек» тобы
|
|
ІҮ. «Ойлан, тап!»
Логикалық тапсырма
(Екі топқа бірдей тапсырма. Кесте толтырады.)
Қайрат, Бауыржан, Ерасыл, Ілияс жарыста алдыңғы 4 орынды иеленді. Бірақ балалардың ешқайсысы бірдей бір орынды өзара бөліскен жоқ. «Нешінші орын алдыңдар?» деген сұраққа олар былай деп жауап берді.
Кім қандай орын алды?
ҮІ. «Зерде» ( Жанкүйерлермен сайыс сұрақ - жауап )
Ү. «Көңілді ребус»
Тапсырма:
Ребусты шешіп мақал құрастыр.
(Батырлық, отан туралы мақалдар құрастырады)
ҮІ. «Білгенге маржан»
Тапсырма:
Рим цифрлары латын әрпінің неше әрпімен таңбаланады, қандай әріптер?
I – 1, V – 5, X – 10, L – 50, C – 100, D – 500, M - 1000
ҮІІ. «Сиқырлы пішіндер»
1. Топ басшыларына
Тапсырма:
Шаршыны белгіленген әріп және сандар бойынша боя. Қандай бейне пайда болады?
3 – сынып -А3, В2, В3, В4, В5, С4, Е3, Д4, 4 – сынып- А3, В5, В4, С4, В6, Д6, Д4, Д5,
Д5 Д1, Д3, Д2, Е1.
ҮІІ. «Қасқағым» слайдпен көрсетіледі
ҮІІІ. «Санжұмбақ»
Тапсырма:
Санжұмбақтар шешу
Қорытынды:
Әділ – қазыларға сөз беріліп жеңіске жеткен топ марапатталады.
Диплом тапсыру 4 – сынып оқушысы олимпиада жүлдегері Байжанова Ағила табыстайды.