МЕН ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЫНДА НЕ БІЛЕМІН?
пікірталас мақсаты. Оқушыларға адам құқықтары жайлы түсініктерін қалыптастыру; «жемқорлық» деген не екенін түсіндіру;
2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттері дамиды; дүниетанымдары кеңейеді;
3. Патриоттық тәрбие қалыптасады;
Тәрбие сағатының барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Көңіл ашар сәті.
(Атамекен музыкасымен би қимылдарын жасау)
3. Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.
Көшбасшы тағайындалады
Мұғалім: Сыбайлас - жемқорлық деген не?
“Сыбайлас - жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай - ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас - жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
ҚР “Сыбайлас - жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас - жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “... мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай - ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай - ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Сұрақтар: 1. Сіздер қалай ойлайсыздар сыбайлас - жемқорлық деген не?
2. Сыбайлас - жемқорлықты қала жоюға болады?
3. Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар бересіздерме?
Оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды.