Мектебімізде жылдық жоспар құрылып, сол жоспар бойынша сабақтың мазмұнына жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізіп ,өткізу негізгі алға қойылған мақсат.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақтың құрылымына оқушының тұлғасын рухани – адамгершілік және интеллектуалды дамуын іске асыру үшін әдіс тәсілдерді таңдап , жас ерекшелігін ескере отырып өткізуді көздедім.
Сабақты өткізу барысын талдау кезінде жіберілген олқылықтарды ескере отырып , келесі сабақты жоспарлау барысында негізге алуды басты назарда ұстадым.
Ата –аналармен жұмыс барысында ,ата –аналарды мектепке тарту үшін және оқушы тәрбиесінің ең маңызды тұлғасы ата-ана екендігін ескере отырып , ата-аналар үшін «ашық есіктер» , «Отбасы күндерін» және ата –аналар үшін әдістемелік көмек ретінде бірнеше тренингтер мен жиналыстар үйымдастырылды.
Жаман емес , ата-аналар тарапынан өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстар туындап жатыр.
Педагогтармен жоспарланған жұмыстарға тоқтала кетсек , әдістемелік семинарлар өткізу және «өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде өзін-өзі тану сабақтарын,интеграцияланған сабақтарды,сабақтан тыс іс әрекетті, ата-анамен жұмысты және қосымша білім беру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу бойынша шеберлік сабақтарына қатыстыру жұмыстары көзделіп отыр.