Қамқоршылық кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ №3
Садовый ОМ Қатысқандар: 9
1.03.2019 ж.
Күн тәртібінде:
- «Халықаралық әйелдер күніне» арналған мерекелік ертеңгілік, «Наурыз мейрамына» арналған іс – шаралар ұйымдастыру туралы.
- Сабақтан тыс іс – шараларды ұйымдастыруда ата – аналармен байланыс орнату.
- Қамқоршылық кеңес мүшелері «Халықаралық әйелдер күніне» мерекелік ертеңгілік ұйымдастыру туралы ұсыныстар айтты. Кеңес тарапынан қаражат бөлініп, сол қаражатқа мерекелік ертеңгілікке арналған жабдықтар алынуға (баннер, шарлар) ұсыныс айтылды.
Наурыз мейрамына демеушілерден қаражат бөлініп, мектеп ұжымы ұйымдастырған концерттік бағдарламадан соң балаларға «MilkProject» ЖШС ұйымынан йогурт өнімдерін, және жергілікті дүкендерден балмұздақ алып, таратуға ұсынылды.
Шешім: Қамқоршылық кеңесінен бөлінген қаражатқа мерекені өткізуге керекті жабдықтар алынсын. Балаларға концерттік бағдарламадан соң тәттілер таратылсын.
- Сабақтан тыс іс – шараларды ұйымдастыруда ата – аналармен байланыс орнату тақырыбында тәрбие жөніндегі орынбасары сөз сөйлеп, қамқоршылық кеңестің бұл тараптан көрсетер көмегі зор екенін айтты. Өйткені қамқоршылық кеңесінің ата – аналар алдындағы беделінің арқасында олардың мектеп өмірі мен ұйымдастырылған іс шараларға белсенді болуына жетелейтінін атап өтті.
Кеңес төрайымы_________________Коурова Т.И.
- _____________Аусагитова Д.Ш.