«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Садовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Садовое отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық сабақ "Арман мен шындық"

13.02.2020

Өзін-өзі тану сабағының жоспары.

Тақырып: "Арман мен шындық»

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер:  Мақсат,сыйластық,талпыныс,дарындылық.

Мұғалім:                                          Сынып   7-8                   Оқушылыр саны

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды армандауға үйрету.

Міндеттері:

  • Оқушыларды еңбектенуді,төзімділікті баулу.
  • Арманының орындалуы үшін төзімділік қажет екенін үйрету.
  • Үлкенді кішіні силауды үйрену.

 

 

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру сәті. Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

   Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды.  Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзінізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру. Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлай-сыңдар ма?

•  Өздеріңнің қандай армандарың бар?

•  Адамға армандау не үшін қажет деп ойлай-сыңдар?

•  Арманға қалай қол жеткізуге болады?

 

2. Дәйексөз.

Арман - адамға қанат.

Халық мақалы

Дәйексөздің мағынасын түсіндіріңдер.

3.Әңгімелеу.

Әже әңгімесі

Әрбір адамның арманы болады. Арман таусыл-майды, бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші арманыңның орындалуы үшін талпынасың, үшінші, төртінші... солай жалғасып кете береді. Өйткені бұл өмір! Ал өмір армансыз болмайды. Арманға жету үшін көп күш жұмсалады. Арманның орындалуы жақсы ниеттілікті, төзімділікті, уақытты, табандылықты, қайырымдылықты, еңбектенуді, білімді, ақылды қажет етеді.Адам арманының орындалғаны қандай жақсы! Себебі сол шақта ол үлкен бақытқа кенеледі.

 

Қосымша әдебиет.

Арман

Шіркін-ай, күйші болсам,

Бал тамған бармағынан!

Шіркін-ай, биші болсам,

Шығып бір арманымнан!

Шіркін-ай, әнші болсам,

Кәдімгі күміс таңдай!

Шіркін-ай, батыр болсам,

Айбаты арыстандай!

Шіркін-ай, ғалым болсам,

Тілдескен даналықпен!

Өлемге мәлім болсам,

Ашқан көп жаңалықпен!

Көзіңнен күлімдеген

Бір ұшқын сезіп пе ең сен?!

Алдымен Білім деген

Бәйгеден озып келсең.

Актёрдің, ақынның да

Жанына ғылым қорек.

Бүгінде Батырдың да

Өзіне білім керек.

 

4. Шығармашылық жұмыс, жекеше жұмыс.

«Менің сыныбым» атты  шығарма жазу.

 

5. Топпен ән айту

Өмірге

Ә. Есмаганбетов

Сүйемін, қатты сүйемін,

Бақытты сұлу өмірді,

Жас денемде жалын күш,

Көтеріңкі көңілім.

Қуанбасқа немене...

Өсірген соң, өмірім!..

Шыңына шықтым құлпырып

Өмірдің биік дөңінің.

Құшақтаймын аймалап,

Жайнаған жас өмірім.

Құлпырамын құндыздай,

Көтеріңкі көңілім.

 

6.Үй тапсырмасы

 Жұмыс дәптеріне  Менің арманым атты шығарма жазып келу.

 

7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан қортынды жасаймыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!

 

 

 

 

 

 

Ресурстар:(белсенді тақта,кітап,дәптер,ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар,сюжетті суреттер.)

 

Просмотров: 282


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст