«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Садовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Садовое отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағаты: «Туған өлкенің ән әлеміне саяхат»

14.11.2022

Сынып сағаты: «Туған өлкенің ән әлеміне саяхат»

Мақсаты: Ақмола өңірінен шыққан сал – серілердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру. Ақан сері, Біржан сал және Үкілі Ыбырайдың елге танылған көрнекті шығармаларының шығу тарихы туралы заманауи оқу әдіс – тәсілдерін қолдана отырып баяндау. Оқушылардың бойында туған өлкенің тарихына, музыка өнерінің шығармаларына деген қызығушылығын арттыру.

Сынып сағаты қойылым түрінде өтеді.

Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең - менше сүй.

Абай.

Сынып сағатының сценариі:

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгін біз сендермен туған өлкеміздің ән әлеміне саяхат жасаймыз!

Осы кезде ортаға өзгеше киінген бала (саяхатшы) ортаға шығады.

Саяхатшы: Сәлеметсіздер ме, менің есімім Джон! Мен елдерді аралап, сол елдердің ән мен күй өнерімен танысып, жинағыма қосып жүрген саяхатшымын!  Мен қайда тап болдым?

Мұғалім: Қош келдің! Бұл Қазақстан, Ақмола өңірі.

Саяхатшы: Қазақстан туралы көп естіп едім. Ән мен күйге бай деп естіген едім. Сол рас па?

Мұғалім: Иә, естігеніңіз  рас! Әсіресе Ақмола облысы сал серілердің жері. Соны дәлеледеу үшін мен сізге сиқырлы домбыраны берейін. Ол ауылдарға саяхат жасап, туған өлкенің   тарихын   тереңдеп тануға көмектеседі.

Мұғалім саяхатшыға сиқырлы домбыраны береді. Саяхатшы домбыраның ішегін шерткенде домбырадан әсем әуен ойнап, ол сөйлей бастайды.

Сиқырлы домбыра: Сәлем достар! Мен сиқырлы домбырамын. Менімен бірге ән әлеміне саяхатқа аттанайық!

Саяхатшы домбыраның ішегін тағы бір шерткенде олар Қоскөл ауылына тап болады. (слайдта ауылдың суреті шығады) Олардың алдарынан қария шығып қонақтарды қарсы алады.

Саяхатшы: Сәлеметсіз бе, ата! Біз қайда тап болдық?

Қария:  Амансың ба, балам?! Бұл қазақтың әйгілі әншісі Ақан сері Қорамсаұлының ауылы.

Саяхатшы: Ата, маған Ақан сері туралы айтып бересіз бе?

Қария: Әрине, балам! Төрге шық! Күйсандыққа назар аудар!

Барлығы төрде жайылған көрпеге отырады. Осы кезде тақтадан Ақан сері туралы видео жүреді. Саяхатшы видеоны көрген соң домбырадан Ақан серінің әнін орындап беруін сұрайды. Домбыраның ішегін шерткенде «Балқадиша» әні ойнай бастайды. (тақтада «Балқадиша» әнінің видеосы жүреді.) Саяхатшы Қариядан әннің шығу тарихын сұрайды. Қария әннің тарихын баяндайды. Қария Саяхатшыға Ақан серінің суретін сыйлайды. Саяхатшы оны өзінің жинағына қосып қояды.

Саяхатшы қарияға алғыс айтып, өзінің саяхатын жалғастырады. Сиқырлы домбыраның ішегін шерткенде Біржан салдың әні « Ләйлім » ойнайды. Слайдта Біржан салдың ауылының көрінісі шығады. Саяхатшының алдынан қазақша киінген қыз шығады. Саяхатшы жөн сұрасады.

Қыз: Бұл аты аңызға айналған, қазақтың біртуар сал-серісі Біржанның ауылы.

Саяхатшы: Маған Біржан салдың шығармашылығы туралы баяндап бересің бе?

Қыз: Сіздің қолыңыздағы сиқырлы домбыраны шертіңіз. Ол сізге Біржанның әнін ойнап берсін. Ал мен Біржан туралы сыр шертейін.

Домбыраны шерткенде фонда Біржанның әні ойнайды. Қыз Біржан сал туралы ақпаратты жеткізеді. (тақтада Біржан сал жайлы ақпараттар шығады)

Қыз Саяхатшыға Біржан салдың суретін сыйлайды. Саяхатшы оны өзінің жинағына қосады.

Саяхатшы домбыраның ішегін шертеді. Домбырадан «Адай» күйі ойнайды. Сол сәтте олар Үкілі Ыбырайдың ауылына тап болады.

Саяхатшы: Домбыра, осы жолы мені қайда әкелдің?

Сиқырлы домбыра: Бұл Үкілі Ыбырайдың ауылы.

Саяхатшы асық ойнап отырған баланы кездестіреді. Баладан қасына отырып, Үкілі Ыбырай туралы айтып беруін сұрайды. Бала Ыбырай туралы баяндай бастайды. Фонда Үкілі Ыбырай туралы видео жүріп тұрады.

Соңында Саяхатшыға бала Үкілі Ыбырайдың суретін сыйлайды. Саяхатшы оны өзінің жинағына қосады.

Соңында сиқырлы домбыра Саяхатшыны қайтадан мұғалімге алып келеді.

Мұғалім: Сонымен Саяхатшы, Сиқырлы домбыра сізге не көрсетті? Қандай қызықтар болды?

Саяхатшы: Шынымен де, қазақ даласы өнерлі тұлғаларға бай екен. Қандай керемет әуендер мен шығармалар! Қай ауылды алсаң да тұнып тұрған тарих. Мына сиқырлы домбыра мен жолымда кездескен тамаша, қонақжай адамдардың арқасында өзіме көп нәрсе алдым, жинағыма жаңа тұлғаларды қостым. (Жинағын алып шығып, манағы суреттерді көрсетеді)

Саяхатшы мен мұғалім қоштасады.

Мұғалім сабақты қортындылайды.

Қортынды:

Қортындылай келе балалар , келген саяхатшымыз өзінің керемет әсерде болғанын айтып өтті.Қазақ елінің музыка тарихының тереңде жатқандығын осыдан байқауға болады.Ендеше балалар туған жеріміздің тарихын дамытуға ,әрқашан өз үлесімізді қосайық.

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған көңіл күйлеріңді сақаларға жазып ,қоржынға салайық.Сабағымыз аяқталды ,белсене қатысқадарыңа рахмет.

Просмотров: 880


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст