«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Садовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Садовое отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жаңалыққы бастаған жаңартылған бағдарлама

27.11.2019

Зеренді ауданы, Садовый орта мектебі

  Кенжеахметова Жупар Тулепкызы

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Жаңалыққы бастаған жаңартылған бағдарлама

   Қазіргі ғаламдану заманында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, индустрияның қарыштап өсуі, әлемдік деңгейге көтерілуге бет бұруы кезеңіндегі ұлттық мәдени-тарихи, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген, әлемдік деңгейде жаңа өзгерістерге бейім, жаңашыл,  жеке тұлға болып  қалыптасқан  азаматтарға қоғам сұранысының өсуі білім жетістіктерін өркениетті білім деңгейіне көтеру қажеттігін алға тартып отыр.

  Елбасы  Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын.  Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі – білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.

 Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім ке­ңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру   өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешудің кілті - ұс­таздардың қолында.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді.    

   Сол оқу-тәрбие үрдісін  ұйымдастырушылықпен жүргізуде – мұғалім басты тұлға болып көрсетіледі. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке апарар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Осындай талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз мамандығын барыншы жетілдіру және қызмет саласындағы жаңалықтар мен озық тәжірибесін үнемі пайдалануы тиіс. Үздіксіз іздену – бүгінде мұғалімдерге қойылып отырған басты талаптардың бірі. Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі – ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру. Білім берудің ұлттық модуліне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, практикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог, іскер мұғалім қажет. Бұрынғы оқушы тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек.   Сонымен, қазіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Осы кезде мұғалімнің талапқа сай оқушының білім алу белсенділігін жоғарылату мақсатында жаңа технологиялар меңгеруі қажеттілігі туындап отыр.  

Бүгінгі  таңда  елімізде  білім беру жүйесінің  мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. 
  Жаңалыққы бастаған жаңартылған бағдарламаның мақсаты: пән бойынша Оқу бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:

1) мұғалімдердің пән бойынша Оқу бағдарламасының мазмұнын білуін қамтамасыз ету;

2) пән бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;

3) пән бойынша Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

     Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.

Оқушылар оқу арқылы мәдени, эмоциялық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан дамуға мүмкіндік алады. Оқу оқушылардың жаңа білімді меңгеруіне де, сондай-ақ алған білімін әрі қарай дамытуына да мүмкіндік береді. Қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін адамдарға барлық тілдік дағдылар айтарлықтай маңызды болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу бағдарламасындағы стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.

 

Жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктері:

- пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);

- таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерерахиясы;

- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі;

- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;

- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сай болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;

- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде технологияландыру болып табылады

Оқу бағдарламасының тек пәндік білім мен білікке ғана емес, сонымен қатар, кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталу оның ерекше өзгешелігі болып табылады. Кең ауқымды дағдылар оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейін де жетістікке жетуінің кепілі болып табылады.

Кең ауқымдағы дағдылармен бірлікте жеке қасиеттерді дамыту білім беруде «қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек пен шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты басты құндылықтарды оқушыларға дарытудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар оқушының тәртібі мен күнделікті іс-әрекеттерін ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болады. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуіне, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табылады.

   Қорыта келгенде жаңа білім беретін мектеп ұстаздарының алдындағы ең биік меже - әр пәннің өз мазмұнынан туындайтын сан алуан әмбебап тәсілдерді рет-ретімен жүйелеп шәкіртінің санасына ұмытылмастай етіп сіңдіру. Сонымен қатар жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану мұғалімге оқу процесінің құрылымын түбегейлі өзгертуге, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны есепке ала отырып дамытуға толық жағдай жасауға мүмкіндік береді.

  Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатұлы «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман»-деп ғылым, білім, оқудың маңызын халыққа көрсеткен. Ендеше, егемен елдің ертеңіне үлес қосатын тәуелсіз мемлекеттің саналы ұрпағы саналатын шәкірттеріміздің ізгі сарайын біліммен сәулелендіріп, білімнің биігінен көру-ұстаз үшін үлкен бақыт. Себебі, бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені баршамызға мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

    «Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық.
Елімізде түбегейлі өзгерістер орын алып отырғанда келешек ұрпағымызды білімді етіп тәрбиелеу – қасиетті парызым деп білемін.  Сондықтан да ана тіліміз бен туған әдебиетіміздің мерейі үшін қызмет етіп, жаңа технологияларға сай әдістерді қолданып, оқушыларды білім нәрімен сусындатып,  тілімізді өзіне лайықты шыңына жеткізуге үлесімді қоссам деймін. Бұл туған Отан, халық алдындағы, мемлекет алдындағы азаматтық, әрі перзенттік парызым деп білемін.

Ел боламын десен, бесігіңді түзе,-дегендей, еңсесін енді ғана көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой.  Сол жан-жақты білімді, ұлтшыл, шығармашыл жастарды тәрбиелеу мұғалімдердің яғни біздің қолымызда.

Елбасы Н.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», деп бекер айтпаған да болар.

Сол себепті білім саласына еңгізіліп отырған жаңалықтардан қалт қалмай, ілгері жылжуымыз қажет, ол тың еңбекті, терең білімді қажет етеді.

    Жаңалыққы бастаған жаңартылған бағдарлама – болашақтың кепілі.

Просмотров: 288


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст