Тақырыбы:
Қоршаған әлеммен үндестігі
Құндылығы: Қиянат жасамау
Қасиеттері: жанашырлық, құрмет, қамқорлық
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға «қоршаған орта», «үндестік», ұғымдарын түсіндіру арқылы қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
-табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу.
Тыныштық сәті №1 «Нұрға бөлену»(3 мин)
Т 5 кестесі
Үй тапсырмасын тексеру. (5 мин)
«Табиғаттан үйлесімді ештеңе жоқ,
Табиғаттан ретті ештеңе жоқ» (әр топтан ең үздік эссені оқып беру сұралады)
Дәйексөз (4 мин)
«Тіршілікте табиғат пен адамнан ғажап, олардан құпия не бар?!»
Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен. Шоқанның жақын туыстарының естеліктеріне қарағанда, ол бала кезінен білімге бейім әрі құмар болған. Шоқан тарихи аңыз-әңгімелерге ерте бастан-ақ қызыққан.
Жер - Ана туралы мысал
Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.
Күндердің бір күнінде адам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып, ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.
Жер - Ана мен Табиғатадам бір-бірінен жарастық тауып олардан адам-ұрпақ өмірге келді. Бірақ әрбір ұрпақ- адам оларға өмір сыйлаған Ұлы сүйіспеншіліктен алыстай берді.
Жер - Ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал адам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер - Ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.
Ал Жер - Ана осының бәріне шыдады, ол адамдар естерін жияр, олар Ұлы сүйіспеншіліктің перзенттері екенін түсінер деп сенді. Осыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп, табиғи апаттарын жасап, өз күшін көрсетті. Сонда да адамдар қорқатын емес, олардың құлақтары алтынның сыңғырынан керең болған, көздері сараңдықтан көрмей қалған, адамдықтың шырқау биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүруде.
Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспеншілігін көрсете алмаса, ал адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер - Ана мен адамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін.
Үйге тапсырма (2 мин)
Байыт Қабанұлының «Даналық» мәтінін оқу
Соңғы тыныштық сәтi. (2 мин)
Балалар бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлеріңізді көзімізді жұмып отырып, есімізге түсіріп барлық жақсы әрекеттерімізді жүрегімізде сақтайық. Сіздерге көп-көп рахмет!