«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Садовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Садовое отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сынып сағатының тақырыбы: Адалдық пен әділдік.

04.11.2019

Сынып сағатының тақырыбы: Адалдық пен әділдік.
Мақсаты:
Оқушыларға адам бойындағы адалдық, әділдік сезімдерін ұғындыру.
 Оқушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы ададық пен әділдік жөнінде ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту.

Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу.«Шаттық шеңбері» (5мин)
«Адалдық»
Д. Әлімжанов
Адалдық өміріңе керек нәрсе,
Ол да гүлдеп нұрланар көңіл бөлсе.
Халыққа өз пайдасын тигізе алмай,
Адам боп, өзін – өзі меңгермесе.

Әңгімелесуді мұғалім тақтаға «адалдық, әділдік» сөздерін іліп, олардың өз тұжырымдарын айтып, құндылық мәнін аша түсуден бастайды. Оқушылар әділдік бойынша әр оқушы өзі жазып шығады. Берілген сауалдарға оқушылар өз пікірлерін жеткізеді.
- Оқушылар сонымен біздер адам бойындағы адалдық қасиеттерге тоқталдық. Енді келесі тапсырмаға назар аударайық.
Әңгімелесу.
• Адал дос дегенді қалай түсінесіңдер?
• Әділ болуға ұмтылу адамға не үшін қажет?
• Адал болу кез келген адамның қолынан келе ме?
• Неліктен?
І. Ұйымдастыру кезеңі: «Өрмекші торы» жаттығуы (8 мин.)
Барлық оқушылар дөңгеленіп тұрады.
Мақсаты: Бұл тамаша жаттығу оқушылар арасындағы жақсы қатынастың дамуына ықпал жасайды. Кейбір балалар өзінің эмоцияларын еркін көрсете алады, ал бұл кейбіреулер үшін үлкен мәселе. Бұл ойында барлық қатысушылар осы маңызды дағдыны дамытудың шынайы мүмкіндігін алады. “Өрмекші торы” өзара қатынастың ахуалын жақсартады.
Қажетті құрал: түрлі-түсті жіп орамы.
ІІ. Негізгі бөлім: (20 мин)
Білім жетілдіру: Адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты екенін ескерсек, әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті екенін ұғынамыз. Ол үшін адам алдына мақсат қоя білу керек. Біз бүгін мақсатқа, жетістікке жету жолдарын анықтаймыз. Осы орайда сіздермен келесі сұрақтардың мәнін ашып көрейікші …

 Видео «Мақсатыңа жет!»
Талдау:
Өз ойларыңызбен бөліссеңіз бұл бейнебаян сізге қандай әсер қалдырды?
Бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Тренинг
(Оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет
шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды. )
мақсаттарыңа міндетті түрде жетесіңдер. Жүректен жүрекке (2 мин)
Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; АДАЛДЫҚ - адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана - сезімі мен ар - ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық - этикалық жиынтығы.
Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым - түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», - дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды.
Жүректен - жүрекке шеңберімен аяқталады. Оқушылар бір біріне жүрек жарды тілектерін айтып тақтаға жазады.

Рефлексия: «Сенім ағашы!» (5 мин)
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Садовый орта мектебі»

 

 

 

 


 

 

Адалдық пен әділдік

(сынып сағаты)

 

 

 

 

 

 

                                    

 

 

 

 

                                                                                                Өткізген: Тлеулесова А.Е                          

                      Сыныбы: 1 «А»

 

 

 

2019-2020 оқу жылы

Просмотров: 560


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст