«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Садовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Садовое отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 сыныпқа қабылдау ережелері

10.08.2019

ҚР Президенті Әкімшілігінің 1 сыныпқа қабылдау туралы тапсырмасын орындау мақсатында,Қазақстан РеспубликасыныңБілім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті келесіні хабарлайды.

    «Білім туралы»  2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі - заң) 31-бабының 1-тармағына сәйкес 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады  (1 қыркүйекте толық алты жастағы немесе күнтізбелік2019 жылдың соңына дейін алты жасқа толатын балалар).  Бұл норма 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

         Мектепке қабылдау ережесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі - ереже) №564 бұйрықпен регламенттелген. 

Жоғарыда аталған Ереженің 9-тармағына сәйкес бірінші сыныпқа балаларды қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:

1) баланың ата-анасынан және өзге де заңды өкілдерінен өтініш (еркін түрде);

      2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

          3) №026/у-3 нысаныбойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

          4) № 063/у нысан бойыншаденсаулық жағдайы туралы құжат;

          5) 3x 4 көлеміндегі фото - екі дана.

Ереженің 9 тармағына сәйкес білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан,  қызмет көрсету  аумағында тұратын барлық балалардың қол жетімділігін қамтамасыз ете отырып, мектепке қабылдау нормасы сақталған. 1-сыныпқа түсу кезінде мектептің мектепалды даярлық сыныбындағы тәрбие мен оқыту деңгейі міндетті.

         

 

Просмотров: 336


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст