Текст
2013 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстанда алғаш рет Отбасы күні атап өтілді. "Елімізде алғаш рет Отбасы күні бекітілді, ол Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтіледі. Тұңғыш Президент атап өткендей, біздің қоғамда отбасы әрқашан рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, әр түрлі ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын болған және болып қала береді.
"Отбасы Күні адамгершілікті, руханилықты нығайтуға, біздің қоғамда жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын сөзсіз тануға ықпал етеді. Отанға деген сүйіспеншілік отбасылық пешке деген сүйіспеншіліктен басталады. Туған шаңырақтың астында алған тәрбие-бүкіл халқымыздың салауатты және табысты болашағының кепілі»